«Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» форумы өтеді

2025 жылғы 22 сәуір күні сағат 10:00-де Алматы қаласында туризм индустриясы мен қонақжайлылық саласына арналған ірі технологиялық форум — «Қазақстандағы цифрлық туризм – 2025» өтеді. Іс-шарада озық ІТ-шешімдер мен цифрлық трендтер ұсынылады.

Форум аясында үш негізгі панельдік пікірталас өтеді. Талқыланатын тақырыптар: – мемлекеттік цифрлық қызметтердің рөлі (GovTech)
– туризм индустриясын цифрландыру (TravelTech)
– қонақжайлылық саласына арналған технологиялар (HotelTech)

Қатысушылар назарына Қазақстан аумағындағы тұрғын үйді брондауға арналған жаңа мобильді қосымша мен виртуалды туристік карта — Your Pass таныстырылады.

Форум Қазақстан мен жақын шетелдерден келген жетекші сарапшыларды, ІТ-компанияларды, стартап жобалар мен кәсіпкерлерді тоғыстырады. Шақырылғандар қатарында inDrive, Яндекс, Mastercard, Sabre, Mapster сынды ірі компаниялар бар.

Іс-шараның басты бөлімдерінің бірі — стартап-питчинг. Туризм саласындағы ең перспективалы 10 ІТ-жоба таңдалады. Жеңімпаз стартаптарға арналған байқаудың жалпы жүлде қоры — 10 миллион теңге.

Форумға қатысу үшін 2025 жылғы 21 сәуір сағат 15:00-ге дейін тіркеуден өту қажет.

Шараны Kazakh Tourism және «Pana» компаниясы «Travel Startups» қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы (Әл-Фараби даңғылы, 71/27, Алматы)
Қосымша ақпарат: +7 705 463 14 10 (Венера Мустафина)

жаңалықтар Қазақстан туризм
Көбірек оқыңыз