Қазақстандық бадминтоншылар халықаралық турнирде үздік үштікке енді
JE Wilson Ghana International 2025 турнирінде Қазақстан спортшылары Дмитрий Панарин мен Махсут Тәжібуллаев ерлер арасындағы жұптық сында жүлделі орыннан көрінді.
Ганада өткен жарыста қазақстандық дуэт табандылығы, тактикалық ойыны және жоғары шеберлігімен ерекшеленіп, қола медаль иеленді.
Бұл жетістік спортшыларымыздың жеке жеңісі ғана емес, сонымен бірге еліміздегі бадминтон спортының дамуына қосылған үлес ретінде бағаланды.
Қазақстан Бадминтон федерациясы Дмитрий Панарин мен Махсут Тәжібуллаевты лайықты жеңісімен құттықтап, олардың табысына үлес қосқан бапкерлерге ризашылығын білдірді.