Қазақстандық боксшылар Сербиядағы «Белград жеңімпазы» жарысында бағын сынайды
10 ақпанда Сербияда бокстан еуропалық ең тарихы терең жарыстарының бірі саналатын «Белград жеңімпазы» додасының 62-ші маусымы өз мәресіне жетеді. Осы жарыста Қазақстандық 15 боксшы 11 салмақ денгейінде рингке шығады.
Қазақстан бокс федерациясы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін жариялады:
48 келі: Нұрғиса Тұрабеков.
51 келі: Рамазан Нұрлыбаев.
54 келі: Бексұлтан Боранбек, Нұрсұлтан Алтынбек, Кенже Мұратұлы.
57 келі: Жансері Көшербаев.
63.5 келі: Бекзат Макжан.
67 келі: Илья Калинин, Нұрбек Мурсал.
71 келі: Өнер Сейілхан.
75 келі: Бақберген Алиасқаров, Санжарәлі Бегалиев.
80 келі: Ильяр Аширов.
86 келі: Дәурен Мамыр.
+92 келі: Нұрасыл Асылхан.
Жас спортшыларымызға Сербия төрінде сәттілік тілейміз! Жеңіс туы әрқашан биік болсын!