Қазақстандық Ильдар Ягьяев стритлифтингтен жаңа әлемдік рекорд орнатты

Маңғыстаулық  спортшы Хельсинкиде турникке тартылудан өткен әлем чемпионатында жеңіcке жетті. Ол алты жыл қатарынан осы спорт түрінен әлем бойынша ең үздік  атанып келеді.

Ильдар Ягяев 96,5 келі салмақпен тартылып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Ол Маңғыстау облыстық Стритворкаут және стритлифтинг федерациясының президенті ретінде осы спорт түрін өңірде дамыту туралы жоспарларымен бөлісті.

«Біздің негізгі мақсатымыз - өңірде стритворкаутты және стритлифтингті танымал ету. Осы мақсатта біз командамен бірге спортшылар үшін үнемі тегін жаттығулар мен түрлі іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Қазір біз демеуші тауып, Каспий теңізінің жағалауында Лос-Анджелестегі Muscle Beach сияқты жаттығу алаңын салуды жоспарлап отырмыз»,- дейді Ильдар Ягьяев lada.kz порталына берген сұхбатында.

Әлемнің 20-дан астам елінен 200-ден астам атлет қатысқан жарыс 6 салмақ дрежесінде өткен. Жалпы жүлде қоры 10 000 АҚШ долларын құрады.

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Суреттер: @Ildar_calisthenics

 

Көбірек оқыңыз