Қазақстандық ММА тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Бағдат Жұбаныш Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан аралас жекпе-жектен ММА тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды.

bokser-2jpg    

52,2 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «алтын» жүлде иелену  үшін Бағдат шаршы алаңда ресейлік Фарход Рахмоналиевпен кездесті. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Бағдат Жұбаныш үшінші рет ММА бойынша әлем чемпионы атанды. Турнир басталмас бұрын Халықаралық аралас жекпе-жек өнері федерациясы (IMMAF) өзінің ресми сайтындағы материалдарының бірінде қазақстандық файтердің осындай жетістікке жетуін болжап, оны «ММА-ның жаңа туған жұлдызы» деп атады. Боксердің өзі «мен үш дүркін әлем чемпионы атану үшін бар күшімді саламын. Мен тарихқа еніп, елімді бүкіл әлемге көрсеткім келеді» деген болатын.

Айта кететіні, бұған дейін Бағдат Жұбаныш 2018 және 2019 жылдары әлем чемпионатын жеңіп алған еді.

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Сурет: @bagdatzhubanysh

 

Көбірек оқыңыз