Қазақстандық Олимпиада чемпионы өз мансабын аяқтады

Жеңіл атлет Ольга Рыпакова бұл туралы Азия чемпионатында хабарлады.

38 жастағы Ольга ұзындыққа секіру, үш реттік секіру және гептатлонға маманданған. Оның қоржынында 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының алтыны, Бейжіңдегі күміс (2008) және Рио-де-Жанейродағы қола (2016) бар. 

Сондай-ақ, Өскемен қаласының тумасы Азия ойындарында төрт рет жеңіске жетіп, 2010 жылы  әлем чемпионатының алтынын алды.

"Мен өз еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап өзімнің ең жас жанкүйеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе - маған деген сенімдеріне алғыс айтамын. Мен тағдыр мен Құдайға мені кәсіби спортшы ретінде қалыптастырғаны үшін ризамын", - деп Рыпакова кәсіби мансабын аяқтау туралы шешімге түсініктеме берді.

 

Сурет: Shutterstock

 

Көбірек оқыңыз