Қазақстандық оқушы Азиядағы ең үздік лингвист атанды

Қазақстандық оқушылар Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы – APLO-2025 байқауында 5 медаль мен 3 Құрмет грамотасына ие болды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Биылғы олимпиадаға Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур және Таиланд елдерінен 500-ге жуық оқушы қатысқан.

Байқау нәтижесі бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды және алтын медаль иеленді.

Жүлдегерлер қатарынан табылғандар:

  • Самир Сарбасов, 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы

  • Тимур Кантаев, 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы

  • Зере Серікова, 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы

  • Темірлан Сейтбаттал, 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

  • Ислам Сипатталов, 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы

  • Шыңғыс Қарасаев, 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы

  • Арон Хасанов, 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы

Оқушыларды халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, қазіргі таңда Германиядағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті Аида Давлетова дайындаған.

Айта кетейік, Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, тілдік түйсігін және мәдениетаралық құзыреттілігін дамытуға бағытталған маңызды халықаралық сайыс. Олимпиада Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады.

білім жаңалықтар
Көбірек оқыңыз