Қазақстандық рэпер Скриптонит Apple Music марапатын жеңіп алды

Қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов Apple Music Awards сыйлығын тапсырудың үшінші рәсімінде Ресейдің жыл әртісі атанды, деп хабарлайды Apple ресми сайты.

Apple Music Awards бес түрлі санаттағы музыкалық жетістіктерді атап өтеді. Сондай-ақ, биылғы жылы Apple алғаш рет үздік өңірлік орындаушыларға марапаттар тапсырды. Нәтижелері бойынша қазақстандық рэпер Скриптонит Ресейдің жыл әртісі болды.

Apple  қазақстандық рэпердің жеңісін хабарлай отырып,  «Дом с нормальными явлениями»  дебюттік альбомы бірден классикаға айналғанын және жаңа ресейлік хип-хоптың ең үздік альбомдарының бірі деп танылғанын атап өтті.

«Жанкүйерлер мен сыншылар оны жаңа буынның дауысы деп таниды. Өз алдына бөлек «Musica36»  құрғаннан кейін, 2019 жылы Скриптониттің «2004» альбомы Apple Music-те эксклюзивті түрде шығарылды және тыңдау саны бойынша рекорд орнатты. Осы жылы  "Свистки и бумажки" альбомы шығарылды. Сонымен қатар,  Кириллица, Орыс хиттері және Apple Music-тен New Music Daily тізімдерінің мұқабаларына түсті», - делінген Apple ресми сайтында.

Apple Music Awards 2021 аймақтық жеңімпаздарының тізімі келесідей:

Ресейдің жыл әртісі – Скриптонит.

Африканың жыл әртісі – Wizkid.

Францияның жыл әртісі  – Айя Накамура.

Германияның жыл әртісі – RIN.

Жапонияның жыл әртісі – OFFICIAL HIGE DANDISM.

Сәуір айында Apple Music Скриптониттің бес альбомы да жоғарғы рейтінгте тұрғанын  хабарлаған еді. Ал мамыр айында Әділ Жәлеловтың Apple Music-пен ынтымақтастығының эксклюзивті форматының жалғасы болатын ағылшын тілінде альбом дайындайтыны белгілі болды.

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Фото: из открытого источника

Көбірек оқыңыз