Қазақстандық шахматшылар-Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының топ 3

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы осы күндері өтіп жатқан Ченнайда (Үндістан) өткен Дүниежүзілік Олимпиада рейтингісінің алғашқы үштігіне кірді.

2419jpg 

Қазақстандық шахматшылар Болгария құрамасын тоғызыншы раундта жеңгеннен кейін үшінші орынға көтерілді. Гүлісхан Нахбаева мен Жансая Әбдумәлік өз партияларын жеңіп алса, Ксения Балабаева мен Бибісара Асаубаева тең ойын көрсетті. Бүгін Қазақстан құрамасы кестеде екінші орынға жайғасқан Үндістан құрамасымен ойнайды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева Азияның 2021 жылғы үздік шахматшысы деп танылған болатын.

 

Автор: Игорь Топорков

Аударған: Мөлдір Адамжан 

Сурет: баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз