Қазақстандық S.H.I.E.L.D командасы халықаралық кибержаттығуда үздік атанды

Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздік саласындағы S.H.I.E.L.D командасы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен ПМЭФ-2025 аясындағы халықаралық Standoff кибершабуылдарға қарсы жаттығуда логистика бағыты бойынша бірінші орынды иеленді.

Биылғы Standoff жаттығуының форматы ерекше болды: 21 елден келген 25 қорғаныс командасы үш күн бойы мұнай-газ және логистика салаларын қамтитын шынайы сценарийлермен жұмыс істеді.

Логистика секторындағы киберқауіптер қатарында:

  • аэродром жарығын сөндіру,

  • қалалық бағдаршамдарды істен шығару,

  • қауіпті жүктерге рұқсатсыз қол жеткізу,

  • жалған өрт дабылдарын тарату,

  • қойма жүйесіндегі деректерді бұрмалау сынды күрделі сценарийлер болды.

Қазақстандық S.H.I.E.L.D командасы барлық 7 тапсырманы сәтті зерттеп, бір шабуылды орта есеппен 20 сағат 15 минут ішінде бейтараптандырды — бұл жалпы қатысушылар арасындағы ең үздік нәтижелердің бірі ретінде танылды.

Positive Technologies компаниясының өкілі:

«Қазақстандық команда өздерінің жоғары кәсібилігін толық дәлелдеді. Бұл — еліміздің IT саласының нақты әлеуетін көрсететін маңызды жетістік», – деп атап өтті.

Бұл жеңіс Орталық Азия өңірі мамандарының киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық беделі артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

жаңалықтар
Көбірек оқыңыз