Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда медальдарға ие болды
Соңғы күндері Қазақстанның спортшылары бірнеше ірі халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетті.
Шахмат: Блиц-шахматтан Бибисара Асаубаева Шымкентте өткен Гран-при кезеңінде қола медальға ие болды. Қазақстандық шахматшы 9 турдың нәтижесінде 2487 ұпай жинап, жоғары шеберлігін көрсетті.
Мұз хоккейі: Қазақстанның хоккей құрамасы Алматыда алғаш рет өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Halyk Arena спорт кешенінде өткен финалда қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасын 5:1 есебімен жеңді.
Үстел теннисі: Жания Бекмухамбетова Италияда өткен WTT Youth Contender Lignano 2024 турнирінде 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орын алды. Тағы бір қазақстандық спортшы Алан Курмангалиев Венгрияда өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Жүзу: Лев Черепанов Гонконгта өткен ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медальді иеленді.
Триатлон: Сауд Арабиясының Эль-Джубайль қаласында өткен Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандықтар күміс және қола медальдарға ие болды.
Коляскадағы теннис: Жанна Умиткулова Грекияның Мессини қаласында өткен ITF Wheelchair Tennis Tour турнирінде күміс медаль жеңіп алды.
Самбо: Астанада өткен ересектер арасындағы самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға көтерілді. Спортшыларымыз 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медальды қанжығасына байлады.
Қазақстандық спортшылар халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп, еліміздің абыройын арттырып келеді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!