Қазақстандық теннисші Australian Open чемпионатында жартылай финаға өтті

Australian Open чемпионатының жұптық бәсекесінде қазақстандық жұптық сындағы бірінші ракетка Анна Данилина жартылай фи­налға жолдама алды, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасының теннис федерациясы баспасөз қызметі.

Мельбурндегі додада бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда швециялық Ребекка Петерсон мен ресейлік Анастасия Потаповамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда швециялық-ресейлік жұп 6:4 есебімен бақ сынады. Екіншісінде Анна мен Беатрис 7:5 есебімен есе қайтарды. Ал үшінші ше­шуші сәтте қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3 есебімен жеңіске жетті. Тартысты бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылған. Анна мен Беатрис финалға жолдама алу үшін жапониялықтар Сюко Аояма мен Ена Шибахарамен күш сынасады. Бұл жұп ширек финалда хорватиялық Петра Мартич пен америкалық Шелби Роджерсты 6:1, 6:4 есебімен  озып кеткен болатын.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Сурет: баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз