Қазақстандық хоккейші қыздар Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Финалда біздің спортшылар Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен ұтты.

3:0 есебімен ұтты.Жарыс барысында қазақстандық хоккейшілер Гонконг (12:0), Таиланд (9:0), Тайпей (5:1), Қытай (2:1) және Оңтүстік Кореяны (1:0) жеңіп, тек Жапонияға (0:4) есе жіберді.

Бұл – Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы 7-ші медалі (3 алтын, 3 қола) және алғашқы күміс жүлдесі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең ірі жеңіс те осы Оңтүстік Кореямен байланысты. 2003 жылғы қысқы Азия ойындарында біздің хоккейшілер дәл осы қарсыластың қақпасына 19 шайба соққан еді.

спорт жаңалықтар Қазақстан
Көбірек оқыңыз