Қазақстандық жасанды интеллект түркі әлеміне енгізіледі
Цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев Сенатта еліміздегі жасанды интеллект (ЖИ) және цифрлық технологияларды дамыту жоспарлары туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан ЖИ-ді белсенді енгізу арқылы технологиялық көшбасшы болуға ниетті.
Министр ЖИ-ді дамыту үшін арнайы комитет құрылып, 2024-2029 жылдарға арналған концепция бекітілгенін атап өтті. Сондай-ақ, ЖИ саласын құқықтық реттеуді қамтамасыз ететін заң жобасы әзірленуде.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру үшін ЖИ шешімдері, виртуалды көмекшілер енгізіледі. Келесі жылы ЖИ ұлттық орталығы құрылып, бұл салада компетенцияларды дамыту көзделуде.