Қазақстандықтар 2025 жылы визасыз саяхаттай алатын елдер тізімі кеңейеді

Қазақстан азаматтары үшін визасыз сапарлар саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылы жаңа келісімдер жасалып, Макао, Вьетнам және Таиландпен визасыз режим енгізілді, ал Таиландтағы болу мерзімі 60 күнге дейін ұзартылды.

Қаңтар айында Қазақстан Сент-Китс және Невиспен келісімге қол қойды, бұл ел 40-шы визасыз мемлекетке айналды, бірақ ол әлі күшіне енген жоқ. Сонымен қатар, Мароккомен жасалған келісім жақын арада іске қосылады, ол қазақстандықтарға бұл елде 30 күнге дейін визасыз болуға мүмкіндік береді.

Қанша күнге визасыз саяхаттауға болады?

🔹 14 күнге дейін: Гонконг, Оман, Иран, Макао
🔹 30 күнге дейін: Аргентина, Әзербайжан, Бразилия, Вьетнам, Доминикан Республикасы, Катар, Қытай, Оңтүстік Корея (K-ETA қажет), Куба, Малайзия (MDAC толтыру қажет), Мальдивтер, Никарагуа, Намибия, БАӘ, Сан-Марино, Сейшель аралдары, Сербия, Тунис, Филиппиндер, Эквадор
🔹 60 күнге дейін: Таиланд (визасыз болу мерзімі ұзартылды), Доминикан Республикасы (тек туристік мақсатта)
🔹 90 күнге дейін: Албания, Андорра, Гаити, Колумбия, Молдова, Моңғолия, Ресей, Түркия, Украина (Түркияда бір жартыжылдықта 90 күннен аспау керек)
🔹 Ең ұзақ визасыз болу мерзімі: Грузия – 1 жыл, Армения – 6 ай, Сент-Винсент және Гренадиндер – 6 ай

Визаны елге жеткен соң рәсімдеуге болатын мемлекеттер:

🔹 Замбия, Индонезия, Маврикий

Сапар алдында нені ескеру қажет?

  • Актуалды ақпаратты тексеріңіз – Кейбір елдер қосымша талаптар қоя алады (мысалы, ұзақ мерзімге тіркелу қажеттілігі).
  • Болу мерзімін сақтаңыз – Визасыз болу мерзімінен асып кету айыппұлдар мен қайта кіруге тыйым салуға әкелуі мүмкін.
  • Құжаттарды дайындаңыз – Кейбір елдерде кіру үшін обратный билет немесе тұратын жеріңізді растау қажет болуы мүмкін.

Айта кетейік, қазақстандық төлқұжат 2024 жылы әлемдегі ең мықты паспорттар рейтингінде 106-орынға ие болды және Орталық Азиядағы ең күшті паспорт атанды.

жаңалықтар Қазақстан
Көбірек оқыңыз