Қазақстанға келген мигранттар саны 4923 адамды құрады
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2025 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанға 4923 адам келіп, 1122 адам елден кеткен. Миграциялық сальдо +3801 адамды құрап, Қазақстанға көшіп келушілердің саны елден кетушілерден айтарлықтай көп екенін көрсетті.
Келген мигранттардың 84,1%-ы ТМД елдерінен. Ең көп келгендер – Өзбекстаннан (2614 адам) және Ресейден (982 адам). Сонымен қатар, 783 адам басқа елдерден келген, олардың ішінде Қытайдан (427 адам), Моңғолиядан (129 адам) және Түркиядан (57 адам) келгендер көп.
Жаңа қоныстанушылар үшін ең тартымды өңірлер – Алматы облысы (1649 адам), Маңғыстау облысы (764 адам) және Алматы қаласы (687 адам).
Келгендердің басым бөлігі (61,7%) – 20 мен 44 жас аралығындағы азаматтар.