Қазақстанның 2024 жылғы сыртқы сауда қортындысы
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елдің сыртқы сауда айналымы 116,8 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары.
Биыл еліміз 68,4 млрд АҚШ долларына тауар экспорттады. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға өсті. Экспорттағы негізгі серіктестер:
- Италия – 16,4 млрд доллар.
- Қытай – 12,2 млрд доллар.
- Ресей – 7,5 млрд доллар.
- Нидерланды – 4,4 млрд доллар.
- Франция – 3,2 млрд доллар.
Импорт көлемі 48,4 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға төмендеді. Негізгі импорттық серіктестер:
- Ресей – 14,3 млрд доллар.
- Қытай – 12,3 млрд доллар.
- Германия – 2,3 млрд доллар.
- АҚШ – 1,8 млрд доллар.
- Франция – 1,5 млрд доллар.
Экспорттың өсуі мен импорттың төмендеуі Қазақстанның сауда балансының оң сальдосын қамтамасыз етті. Негізгі серіктес елдер – Қытай, Ресей және еуропалық мемлекеттер. Экономистер энергетика мен шикізат секторының экспорттағы үлесінің өсуін ерекше атап өтті.
Бұл деректер елдің халықаралық саудадағы ұстанымының тұрақтылығын көрсетеді.