Қазақстанның адам құқықтары саласындағы міндеттемелері жөніндегі вебинар

Бельгия корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінің мәліметінше, «European Institute of Asian Studies» (EIAS) зерттеу орталығының бастамасы бойынша «Саяси және институционалдық реформалар аясында Қазақстанның Адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелері» тақырыбында вебинар өтті. Іс-шара барысында қатысушылар еуропалық сарапшылар дайындаған арнайы баяндаманың қорытындыларын талқылады.

Іс-шараның спикерлері ретінде Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан, ҚР Адам құқықтары жөніндегі омбудсмені Эльвира Әзімова, Еуропалық парламенттің депутаты Татьяна Жданока, баяндама авторлары тобының жетекшісі, «AcquisLawandPolicy» компаниясының аға серіктесі Йерон Янсен, қазақстандық азаматтық бастамалар орталығының басшысы Махаббат Еспенова және Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің Орталық Азия бөлімінің басшысы Дитмар Крисслер сөз сөйледі.

Өз сөзінде Елші М.Баймұхан Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың адам құқықтарын қорғау, демократиялық қоғам құружәне «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасын енгізу саласындағы кешенді саяси реформаларды іске асыруы кезеңінде елдің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 2022-2024 жылдарға өтуі маңызды көрсеткіш болып табылады. Дипломат сондай-ақ Қазақстанның гуманитарлық көмек көрсету саласындағы халықаралық міндеттемелерге, оның ішінде ауған халқына көмек көрсету міндеттемелеріне берік екендігін атап өтті.  

М.Баймұханның пікірінше, «Заң үстемдігі мәселелері ҚР мен ЕО арасындағы өзара қарым-қатынастардың күн тәртібінде басымдыққа ие». Сондықтан, демократияландыру және парламентаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан мен ЕО арасындағы диалогтың маңыздылығы зор.

Баяндама авторы Й.Янсен Қазақстан адам құқықтары саласындағы барлық негізгі халықаралық келісімдер мен конвенциялардың қатысушысы болып табылатынын және ел осы саладағы алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарды біртіндеп енгізіп жатқанын айтты.

Вебинар модераторы, EIAS директоры Аксель Готальс Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30-жылдығы мен және БҰҰ Кеңесіне өтуімен құттықтап, БҰҰ-ның осы органының жұмысына қатысу елде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың дұрыстығын көрсететінін айтты және олардың сапалы іске асырылуына қолдау болады деп болжады.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.Әзімова ағымдағы саяси реформалар мән мәтінін дебюроның азаматтық қоғаммен жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. ҚР Парламенті Мәжілісінде жақында Омбудсменнің өкілеттігін кеңейтетін адамқұқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасы мақұлданғанын атап өту қажет.

Еуропалық ресми өкілдер Қазақстанның БҰҰ АҚ Кеңесінде климаттың өзгеруі және гендерлік теңдік мәселелерімен айналысу туралы жоспарына қолдау білдірді.

Т.Жданока Қазақстандағы кең ауқымды реформалар көптеген елдер үшін үлгі бола алады деп пайымдайды.

Д.Крисслердің пікірінше, ҚР Президентінің Еуроодақ астанасына алдағы сапары Нұр-сұлтан мен Брюссель арасындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға ықпал етпек.

Вебинар қорытындысы бойынша спикерлер онлайн-аудиторияның сұрақтарына жауап берді.

 

Дерек көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/277345?lang=kk

Фото: баспасөз қызметтерінің мұрағатынан

Көбірек оқыңыз