Қазақстанның барлық өңірінде дабыл белгісі іске қосылды
2024 жылғы 21-22 қараша аралығында Қазақстанда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Іс-шара азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алуға және олардың салдарын жоюға дайындығын тексеруге бағытталған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу барысында барлық өңірлерде ескерту сиреналары іске қосылады. Бұл халықты хабарландыру жүйесінің жұмысын тексеру және жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Министрлік тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырып, мұндай шаралардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызын атап өтті.