7 айлық Қазақстан азаматы Ресейден елге оралды
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 7 айлық Қазақстан азаматының Ресейден елге оралғанын хабарлады
Сәби келген бойда медициналық тексеруден өту үшін балалар ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді. Медициналық шаралар аяқталғаннан кейін ол «Балалар үйіне» жіберіледі. Баланы елге қайтару процесіне әдіскер-қамқоршы және анестезиолог-реаниматолог қатысты.
«Біз үшін әрбір бала маңызды, оның жағдайына қарамастан қажетті қолдау көрсетілуі тиіс. Қазақстанның әрбір азаматы қамқорлық пен қауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі. Нәрестені елге қайтару үшін үлкен жұмыс атқарылды, және осы жерде оның дамуына білікті мамандар барынша көмектеседі», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.