Қазақстанның үздік мейрамханасы анықталды

25 қараша күні Алматыдағы Rixos Almaty қонақүйінде WhereToEat Kazakhstan 2024 сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл жүлде Қазақстанның үздік мейрамханалары мен аспаздарын анықтайды. Биылғы жылдың басты жеңімпазы – Алматы қаласындағы Auyl мейрамханасы. Оның ерекшелігі – бренд-шеф Руслан Закировтың жетекшілігімен жасалған неономадтық асхана концепциясы.

Auyl Қазақстанның ең үздік мейрамханасы атағына ие болса, Руслан Закиров «Жылдың шеф-аспазы» атанды. Сонымен қатар, оның басшылығындағы ABR компаниясының басқа да танымал мейрамханалары – Jinau, Spiros, және «Огонек» жоғары бағаланды.

2024 жылдың үздік 10 мейрамханасы

  1. Auyl, Алматы
  2. Selfie, Астана
  3. «Огонек», Алматы
  4. Nuala, Алматы
  5. Spiros, Алматы
  6. La Barca, Алматы
  7. Raw, Алматы
  8. «Хороший Год», Алматы
  9. Jent, Алматы
  10. Qazaq Gourmet, Астана

Рәсім барысында Қазақстанның үздік 50 мейрамханасы рейтингі мен арнайы номинациялардың жеңімпаздары жарияланды:

  • Үздік шеф-аспазы — Руслан Закиров (Auyl, Jinau, Spiros, «Огонек»)
  • Үздік жыл сомельесі — Роман Щербаков (Nuala)
  • Ұздік жыл барыTemple, Астана
  • Үздік кондитер шеф — Алена Асеева (Jent, Алматы)
  • Үздік қазақ асханасы мейрамханасыQazaq Gourmet, Астана

Жүлденің бас серіктесі – Ultima Yandex Go. Марапаттау рәсімінің жазбасын YouTube, Rutube платформаларынан және WhereToEat қауымдастығының ВКонтакте желісінен көруге болады.

WhereToEat Kazakhstan сыйлығы елімізде екінші рет өтіп отыр және Қазақстанның мейрамхана индустриясының даму деңгейін айқын көрсететін маңызды шаралардың біріне айналды.

Толығырақ ақпаратты WhereToEat Kazakhstan сайтынан біле аласыз.

Көбірек оқыңыз