"Қорқыт" телехикаясы халықаралық кинофестивальде үздік атанды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қорқыт» тарихи сериалы Монреаль халықаралық кинофестивалінде «Үздік костюм» және «Үздік грим» аталымдары бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Костюм бойынша қоюшы суретші Жанар Райым, дизайнер Әсел Кенжетаева және визажист Андрей Цюльниктің тамаша жұмыстарымен танылған төрт бөлімнен тұратын бұл жоба Канаданың беделді фестивалінде үздіктердің бірі болып танылды.
Сериалдың режиссері Қанағат Мұстафин, ал продюсері Шолпан Батырбаева. Драманың сюжеті түркі халықтарының тарихындағы елеулі тұлға – Қорқытқа арналған.
Сонымен қатар, «Қорқыт» сериалы Өзбекстанның «Маданият және Магнаб» және әзірбайжандық «SBC» арналарында көрсетілді. Жақын арада оның қырғыз және түрік тіліндегі нұсқасы сәйкесінше КТРК және TRT телеарналарында көрсетіледі.