ҚР Ұлттық музейінде өзбек суретшілері мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Өзбекстанның бейнелеу және қолданбалы өнерінің көрмесі ашылды. Бұл шара Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға ресми сапары аясында өтіп жатыр.

Көрмеге Өзбекстан көркемсурет академиясының мүшелері, еліміздің әр өңірінен келген танымал шеберлердің және жас талантты суретшілердің жұмыстары қойылған. Қатысушылар арасында Акмал Нұр, Әлішер Хамдамов, Татьяна Фадеева, Файзулла Ахмадалиев, Шахноза Абдуллаева, Махкамов Бахтиёр және Хуршид Зияхаов бар.



Бүгінгі көрме ортақ тарихы мен бай мәдени мұрасы бар қазақ және өзбек халықтарының достығын тағы да паш етті. Бұл рухани байланыстарды нығайтады. Бұл көрмеде соңғы онжылдықтағы өзбек суретшілерінің, қолданбалы өнер шеберлерінің тартымды туындылары қойылған. Айта кету керек, өзбек қылқалам шеберлерінің осы көрмеден көруге болатын көптеген қайталанбас ерекшеліктері бар», - деді Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова.

Көбірек оқыңыз