Қуантыров доллардың нығаюы туралы: "Бұл – уақытша құбылыс"
Ұлттық экономика экс-министрі Әлібек Қуантыров доллар бағамының өсуіне байланысты пікір білдіріп, азаматтарды сабыр сақтауға шақырды. Оның айтуынша, мұндай ауытқулар уақытша және үлкен алаңдаушылық тудырмауы керек.
"Бұған дейін де доллар 600 теңгеге жетеді деген болжамдар айтылған еді, бірақ бұл жүзеге аспады. Валюта бағамындағы күрт өзгерістерге алаңдамау керек. Теңге – тұрақты валюта. Ең бастысы, эмоцияға берілмей, еліміздің игілігі үшін еңбек етуіміз қажет", – деп атап өтті Қуантыров.