Қырғызстанда ата-тек жазудың жаңа балама үлгілері бекітілді
Қырғызстанда Отбасы кодексі мен «Азаматтық хал актілері туралы» заңға түзетулер енгізіліп, фамилия мен әке атын жазудың балама нұсқалары бекітілді.
Енді қырғызстандықтар өз қалауы бойынша келесі нұсқалардың бірін таңдай алады:
- Фамилия баланың атасының атымен жазылады, ал әкесінің аты қосылып, оған «уулу» (ұл балаларға) немесе «кызы» (қыз балаларға) сөзі жалғанады.
- Фамилия баланың атасының атымен, «теги» сөзімен бірге жазылады, ал әкесінің аты қосылып, оған «уулу» немесе «кызы» жалғанады.
- Фамилия баланың атасының атымен, «теги» сөзімен бірге жазылады, ал әкесінің атына ер балалар үшін «дын/тын», «дин/тин», «дүн/түн», қыз балалар үшін «дан/тан», «ден/тен», «дөн/төн» жалғаулары қосылады.
Қазіргі -ов, -ев, -вич, -вна сияқты фамилия мен әке атын жазу үлгілері сақталады, ал жаңа жүйеге азаматтардың өз еркімен ғана көшуі мүмкін.