Қыз алып қашқандарға қылмыстық жаза күшейтілуі мүмкін

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қыз алып қашқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Бұл бастама Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Егер заңға өзгеріс енгізілсе, қызды еркінен тыс алып қашқандар 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әбеновтың айтуынша, жауапкершілік әртүрлі дәрежеде қарастырылмақ. Жағдайға байланысты бас бостандығынан айыру, айыппұлдар немесе қоғамдық жұмыстар тағайындалуы мүмкін. Егер кәмелетке толмаған адамға қарсы топтық әрекет жасалса, физикалық немесе психологиялық қысым көрсетілсе, заң жәбірленушінің мүддесін қорғауға бағытталады.

«Біреуді өз еркінен тыс алып қашып, үйінде ұстаса, психологиялық және физикалық қысым көрсетсе, заң жәбірленген адам жағында болуы керек», – деді депутат.

жаңалықтар Қазақстан заң
Көбірек оқыңыз