Референдумға 15,5 млрд теңге бөлінеді
АЭС салу бойынша референдумға дайындық 35 күнге созылады. Сайлаушылар тізімін жаңарту басталды, дауыс беру учаскелері туралы ақпарат 12 қыркүйекке дейін беріледі.
Дауыс беру 6 қазан күні таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Нәтижелер 7 күн ішінде жарияланады.
Жалпы референдум учаскелері саны 10 327, оның ішінде 78-і шетелде, 63 елде орналасқан.
1 шілдедегі мәлімет бойынша 12 млн 176 мың 968 азамат дауыс бере алады.