Рим Папасы Қазақстанға іс-сапармен келмек
Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Ол 13-15 қыркүйек аралығында елімізде болады.
Сапардың алғашқы күні Рим Папасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерімен кездеседі. 14 қыркүйекте Франциск католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін дұға (месса) өткізеді
Сапардың соңғы күні Папа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына қатысып, Қазақстанның Рим-Католик шіркеуінің семинаристерімен және дін қызметшілерімен кездеседі.
Автор: Мөлдір Адамжан
Сурет: баспасөз қызметі мұрағатынан