Ризабек Айтмұхан еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанды
Сербия - Белград. Күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан чемпион атанды.
Жерлесіміз алғашқы айналымда Венгриялық балуанды13:3 есебімен ұтса, екінші кезеңде биылғы Еуропа чемпионы, түркиялық Файзолла Актүрікті 11:0 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда грузиялық қарсыласын жеңіп, өз мансабында алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінің финалына шықты.
Финалда Ризабек әзірбайжандық Осман Нурмогамедовпен күресіп, жеңімпаз атанды. Бұл еліміздің тарихындағы еркін күрес бойынша алғашқы әлем чемпионы. 19 жастағы Ризабек бүкіл елді риза қылып, сүйіншілетіп отыр. Жеңіс құтты болсын!!!