SAG Awards 2025: АҚШ киноактерлер гильдиясы сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

23 ақпан күні Лос-Анджелесте 31-рет ұйымдастырылған АҚШ киноактерлер гильдиясының (SAG Awards 2025) жеңімпаздары анықталды. Vogue басылымының мәліметінше, салтанатты кешті Кристен Белл жүргізді, ал марапаттау рәсімі Netflix платформасында тікелей эфирде көрсетілді.

Жыл сайынғы марапаттау кеші кино және теледидар саласындағы үздік актерлік жұмыстарды бағалайды. Биылғы жеңімпаздар тізімі:

  • Үздік актерлік құрам – «Конклав»
  • Үздік әйел рөл – Деми Мур, «Субстанция»
  • Үздік ер рөл – Тимоти Шаламе, «Полный незнакомец»
  • Комедиялық сериалдағы үздік актерлік құрам – «Убийства в одном здании»
  • Драмалық сериалдағы үздік актерлік құрам – «Сегун»
  • Екінші пландағы үздік әйел рөлі – Зои Салдана, «Эмилия Перес»
  • Телефильм немесе мини-сериалда үздік ер рөлі – Колин Фаррелл, «Пингвин»
  • Телефильм немесе мини-сериалда үздік әйел рөлі – Джессика Ганнинг, «Детеныш оленя»
  • Комедиялық сериалдағы үздік ер рөлі – Мартин Шорт, «Убийства в одном здании»
  • Драмалық сериалдағы үздік ер рөлі – Хироюки Санада, «Сегун»
  • Драмалық сериалдағы үздік әйел рөлі – Анна Савай, «Сегун»
  • Екінші пландағы үздік ер рөлі – Киран Калкин, «Настоящая боль»
  • Үздік каскадерлік ансамбль (фильм) – «Каскадер»
  • Үздік каскадерлік ансамбль (сериал) – «Сегун»

Айта кетейік, былтыр SAG Awards 2024 марапатында Кристофер Ноланның «Оппенгеймер» фильмі үш басты номинацияда жеңіске жеткен еді.

Кино әлем
Көбірек оқыңыз