Сағынғали Жантөре — таеквондодан әлем чемпионы

БАӘ-нің Фуджейра қаласында өтіп жатқан таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын жүлде түсті.

65 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Сағынғали Жантөре финалда украиналық Максим Шудженконы жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ жарыстың үшінші күнінде Қазақстан құрамасының еншісіне тағы екі қола жүлде қосылды. Қыздар арасында Алла Цой (-47 кг) мен Аида Гожалимова (-51 кг) қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Ромашкин Хамзаальпер (-61 кг) де әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын.

Жалпы жарысқа 80 елден 811 жасөспірім спортшы қатысып жатыр. Әлем чемпионаты 14 мамырға дейін жалғасады.

спорт Қазақстан жаңалықтар
Көбірек оқыңыз