Семей ядролық полигоны туралы фильмі халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы атанды

«Хабар» Агенттігі түсірген фильм халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы атанды. Семей ядролық полигоны туралы тарихи телехикая «Moscow Russia International Film Festival 2022» халықаралық кинофестивалінің «Үздік телевизиялық мини-сериал» номинациясының жеңімпазы атанды.

 

 

«Полигон» фильмін қазақстандық кинорежиссер Ахат Ибраев түсірді. Саяси детектив Семей ядролық полигонының жабылу тарихы туралы баяндайды. Телехикая ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының соңында орын алған оқиғаларды сипаттайды. Сериалдың басты рөлдерінде Азамат Сатыбалды, Ерлан Біләл, Жандарбек Садырбаев, Сергей Матвеев, Денис Анников сынды танымал актерлер өнер көрсетті. 

 

 

«Moscow Russia International Film Festival 2022» Халықаралық Кинофестивалінің төрешілері командасына Ресей, Германия, Канада, Австрия, Испания, Мексика, Швеция және Грецияның кәсіби кинематографистері енді. Кино саласының мамандары барлық ұсынылған фильмді жоғары бағалады. Ең көп ұпай жинаған фильмдер ресми конкурсқа қатысу үшін іріктеуден өтіп, қазылар алқасы әр номинацияның үздік фильмдерін анықтады.



Дереккөзі:  khabar.kz

Фото: баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз