Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы тоғыз дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп, әлем чемпионатында тарихи қола жүлдеге қол жеткізді

Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Құрама алғаш рет жартылай финалға шығып, қазіргі әлем чемпиондары — Италия командасын жеңді.

Құрама сапында Кирилл Проходов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов бақ сынады. Финал жолдамасы үшін өткен тартысты бәсекеде отандастарымыз Токио Олимпиадасының чемпионы әрі Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Жапония құрамасымен кездесіп, аз ғана ұпай айырмасымен жеңісті қарсыластарына беріп қойды.

Қола медаль үшін өткен кездесуде ұлттық құрама тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы — Франция командасын жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биылдан бастап семсерлесуден ерлер және әйелдер құрамаларымен халықаралық деңгейдегі тәжірибелі бапкерлер мен кеңесшілер жұмыс істей бастады. Туризм және спорт министрлігі халықаралық тәжірибені енгізу, спортшылардың біліктілігін арттыру, медаль санын көбейту және спорт саласын дамыту бағытында жүйелі жұмысты жалғастыруда.

спорт
Көбірек оқыңыз