Сергей Эйзенштейн мен Алматы: Гузель Яхинаның жаңа кітабы ұлы режиссердің құпияларын ашады

Алматыда Гузель Яхинаның «Эйзен» атты жаңа романының тұсаукесері өтеді. Бұл шығарма кино тарихындағы ең жұмбақ тұлғалардың бірі – Сергей Эйзенштейннің өмірі мен шығармашылығына арналған. Роман ұлы режиссердің кәсіби жолы мен жеке өмірін ғана емес, оның кино өнеріндегі орны мен мәнін қайта бағалауға мүмкіндік береді. Яхина Эйзенштейнің гениальдығын, манипуляторлық қасиеттерін, стратегиялық ойлауын және революциялық көзқарастарын терең зерттейді.

Романның басты ерекшелігі – Қазақстан мен Эйзенштейн арасындағы тығыз байланысқа назар аударуы. Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» студияларының арасында Эйзенштейн Алматыда жаңа шығармашылық белеске көтерілді. Бұл кезең оның кино әлеміндегі шығармашылық із қалдыру жолының маңызды бір бөлігі болды. Алматыда ол өзінің әйгілі «Иван Грозный» фильмін түсірді. Осы қалада оның өмірі мен өнеріне ерекше әсер еткен сәттер орын алды.

Тұсаукесер 28 наурызда Алматы қаласында, Абай атындағы Кітап үйінде өтеді. Мекенжайы: Алматы, Абай даңғылы 37/38, Назарбаев даңғылының қиылысы. Шарада оқырмандар Гузель Яхинамен кездесу өткізіп, кітаптың жазылу тарихы мен терең мағынасын талқылай алады.

пресс-анонс мәдениет тарих
Көбірек оқыңыз