"Сеул ғажайыптары" көрмесі ашылды
2024 жылдың 27 маусымында, сағат 15:00-де Алматы музейінде, Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған, Оңтүстік Корея астанасы Сеул тарихы музейінің "Сеул ғажайыптары" көрмесі салтанатты ашылады.
"Сеул ғажайыптары" көрмесі 2024 жылдың 20 тамызына дейін жұмыс істейді. Көрме Оңтүстік Корея астанасының тарихы мен мәдениетін, дәстүрлі мұрасын көрсетеді. Көрмеде Сеул қаласы тарихы музейінен алынған қаланың мәдениеті мен тарихи мұрасын бейнелеу үшін 100-ден астам бірегей экспонаттар, корей халқының дәстүрлі киімдері, тұрмыстық заттары және құнды дерек кітаптары т.б. қойылады.
Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай, 2022 жылы желтоқсанда Сеул қаласында Алматы музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала жауһарлары» атты көрме өтті. Аталған көрме 2 айға жалғасып, БАҚ 44 жарияланым жарияланып, 100 мың қаралым болды.Музейлер арасындағы ынтымақтастық барысында, Алматы музейінде, Сеул тарихы музейінің көрмесі өткізілуінің келіссөздерінде біріккен бітімгершілікке қол жеткізілді.
Бұл ынтымақтастық Сеул мен Алматының өзара ұлттық әріптестікпен алмасу негізінде "Сеул ғажайыптары" атты көрме ұйымдастыруы аясында жалғасын тапты. Көрмеге келушілер, Сеул қаласының ғажайыбы мен корей елінің салт-дәстүрімен танысуға мүмкіндік алады.
Көрме 20 тамызға дейін өтеді.
Өтетін орны мен уақыты: Алматы қаласы, Алматы музейі, Қабанбай батыр к-ші, 132.
Қосымша ақпарат: 8 708 111 62 91.
Instagram: @almatymuseums.
Facebook: Алматы музейі