Сиқыр қайта оралады: Disney-дің «Ақшақар» фильмі Қазақстан кинотеатрларында

Disney студиясының жаңа «Ақшақар» («Белоснежка») фильмі 2025 жылдың 20 наурызынан бастап Қазақстан кинотеатрларында қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Фильмдегі кейіпкерлердің дауыстарын белгілі қазақстандық әртістер сомдайды.

Белоснежканың вокалдық партияларын Жаркынай Ханайым (қазақ және орыс тілдерінде) орындайды.
Зұлым Патшайымның сөздерін Айгүл Иманбаева (қазақша) дыбыстайды.
Патшайымның вокалдық партияларын Дана Сәбит (қазақша) және Жұлдыз Уәлихан (орысша) орындайды.
Джонатанның вокалдық партиялары Еркеш Хасенге (қазақша) тиесілі.
Ворчун мен Айна рөлдерін Қайрат Әділгерей (қазақша) дыбыстайды.
Молчун рөлін Ақан Сатаев (қазақша) сомдайды.

Фильмнің қазақ және орыс тілдеріндегі дубляж режиссері – Шах-Мұрат Ордабаев.
Музыкалық дубляжды қазақ тіліне бейімдеген – Анель Сіргебаева, орыс тіліндегі музыкалық дубляжды басқарған – Александр Шевченко.

Disney-дің сиқыр мен шытырманға толы жаңа фильмін 20 наурыздан бастап Қазақстан кинотеатрларынан тамашалауға болады.

Фильмнің режиссері – Марк Уэбб. Продюсерлері – Марк Платт және Джаред Лебофф. Фильмге арнайы жазылған жаңа әндердің авторлары – Бендж Пасек пен Джастин Пол.
Белоснежка рөлінде – Рейчел Зеглер, Зұлым Патшайым рөлінде – Галь Гадот.

Кино
Көбірек оқыңыз