Стамбулда XIV ғасырда жазылған Жәнібек сұлтанға арналған ерекше қолжазба табылды
Стамбулда XIV ғасырда жазылған Жәнібек сұлтанға арналған ерекше қолжазба табылды. 1334 жылы жазылған 96 беттен тұратын құжатта Жәнібек сұлтанның ата-бабалары туралы, Чингизханнан бастап Ұзбек ханның әкесіне дейінгі кезеңдердегі хикметтер алтынмен қашалған.
Қолжазбаның ішкі мұқабасында Османлы сұлтаны Байазид II-нің мөрі анықталған. Бұл табылған құжатты қазақстандық ғалым Омірбек Қанай Стамбулдағы ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында тапты.
Қолжазбаның көшірмесі Қазақстанға жеткізіліп, қазірде зерттеу жұмыстары жүргізілуде.