Су тасқынынан зардап шеккендерге шығын қалай өтеледі?
Үкіметте су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Жиын барысында су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу мәселелері мен қаржыландыру көздері талқыланды.
«Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеуге қаражат жергілікті атқарушы органдар резервінде көзделеді. Залалдың алдын ала мөлшерін ЖАО, Өнеркәсіп және құрылыс, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрліктері айқындайтын болады. Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда қаржыландыру Үкіметтің резервінен қарастырылады»,- деді ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.
Іс-әрекет алгоритмі:
1) материалдық зардап шеккендер ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ЖАО-ға материалдық залалды өтеу туралы өтініш береді.
2) ЖАО өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады. Тұрғын үйі қауіпті деп танылған зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті әкімдіктер қалыптастыратын болады.