TartynbaFest 3.0: Жігіттер гендерлік теңдік үшін

16 наурыз күні Алматы қаласында, SmArt.Point (Байзақов көшесі, 280) алаңында TartynbaFest 3.0 фестивалі өтеді. Бұл – жастардың жыныстық ағарту және репродуктивті денсаулық мәселелерін талқылауға арналған Орталық Азиядағы жалғыз жыл сайынғы фестиваль.

Биылғы шара MenEngage бастамасының аясында өтеді және ер адамдарды гендерлік теңсіздікпен күреске тартуға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға, маскулиндік туралы стереотиптерді жоюға ерекше көңіл бөледі. MenEngage – ер адамдарды теңдік үшін белсенді одақтас ретінде мойындайтын жаһандық қозғалыс. Бұл бастама ерлердің қатысуынсыз гендерлік теңдікті ілгерілету мүмкін емес екенін және қоғамда терең орныққан стереотиптерді бұзу арқылы зорлық-зомбылықтың алдын алуға болатынын дәлелдейді.

Фестивальді Қазақстандағы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының серіктесі – Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі қауымдастық (КМПА) ұйымдастырады.

Фестивальдің басты мақсаты – зиянды әлеуметтік нормаларды өзгертуге, гендерлік теңдікке ұмтылуға және қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа буын одақтастарын қалыптастыру. TartynbaFest 3.0 – кез келген адамның ұялмай, еркін түрде маңызды тақырыптарды зерттеп, талқылап, пікір алмасатын ашық алаң.

Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген жастар, белсенділер, ҮЕҰ өкілдері, блогерлер, дәрігерлер мен суретшілер қатысады. Жалпы, фестивальге 150-ден астам қатысушы келеді.

Бағдарламада воркшоптар, дәрістер, сарапшылармен панельдік пікірталастар, театр қойылымдары, интерактивті аймақтар және күрделі тақырыптарды қолжетімді форматта талқылауға бағытталған басқа да шығармашылық шаралар өтеді. Фестиваль жастарды гендерлік теңсіздікке қарсы тұруға, ал ерлер өз рөлін түсініп, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінеді, тең құқылы және қауіпсіз қоғам құруға белсене үлес қоса алады. 

жаңалықтар Қазақстан
Көбірек оқыңыз