Тоғызқұмалақтан әлем кубогінде қазақстандықтар топ жарды

Чехияның Пардубице қаласында 21–30 шілде аралығында тоғызқұмалақтан рапид және блиц форматында өткен Әлем кубогі өз мәресіне жетті. Жарысқа 11 елден – Чехия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Румыния, Түркия, Австрия, Украина, Венгрия, Қырғызстан және Қазақстаннан 60-қа жуық спортшы қатысты.

Халықаралық турнир ҚР Туризм және спорт министрлігі, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Чехияның Манкала федерациясының қолдауымен өтті. Қазақстан құрамасы жарыста айқын басымдық танытып, барлық категорияда жүлделі орындарға ие болды. 

Рапид (әйелдер):

  • Алтын медаль:  Базаралиева Гүлнара (Қазақстан).
  • Күміс жүлде: Егінбай Аяжан (Қазақстан).
  • Қола: Hana Kotinova (Чехия).
  • Қола: Elen Netfleischova (Чехия).

Рапид (ерлер):

  • Алтын медаль: Ринат Керейбаев (Қазақстан).
  • Күміс жүлде: Биғали Зкрияев (Қазақстан).
  • Қола: Akim Nurseitov (Қырғызстан).
  • Қола: Pavel Noga (Чехия).

Блиц (ерлер):

  • Алтын медаль: Нуржан Бибатыр (Қазақстан).
  • Күміс жүлде: Ернұр Қәріғұл (Қазақстан).
  • Қола: Айтбаев Рахат (Қазақстан).
  • Қола: Асылбек Қаржаубаев (Қазақстан).

Блиц (әйелдер):

  • Алтын медаль: Сапарбекова Салтанат (Қазақстан).
  • Күміс жүлде Аружан Абдыханова (Қазақстан).
  • Қола: Меруерт Хуатқызы (Қазақстан).
  • Қола: Намаз Ақбота (Қазақстан).

Жалпы, Қазақстан құрамасы 16 жүлденің 12-сін жеңіп алып, тоғызқұмалақтан әлемдік деңгейдегі көшбасшылығын тағы бір дәлелдеді.

Қазақстан жаңалықтар
Көбірек оқыңыз