Токиода мемлекеттік қызметкерлер үшін төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі
Токио билігі 2024 жылдың сәуір айынан бастап мемлекеттік қызметкерлер үшін төрт күндік жұмыс аптасын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама 170 мыңнан астам мемлекеттік қызметкерді қамтиды және олардың жалақысы толық сақталады. Сонымен қатар, баласы бар қызметкерлерге отбасымен көбірек уақыт өткізу үшін жұмысқа екі сағат ертерек келу мүмкіндігі беріледі.
Жаңа жүйе елдегі туу көрсеткішін арттыру мақсатында енгізілуде.
Қазіргі уақытта Жапонияда жастар некеге тұруға асықпайды. Бұл баспана бағасының қымбаттауы, жалдау ақысының, білім беру мен бала күтімі шығындарының артуымен байланысты. 2023 жылдың бірінші жартысында елде барлығы 350 мың нәресте дүниеге келген, бұл тарихи минимум болып саналады.
Демографиялық дағдарыстың тағы бір себебі ретінде елдегі қатаң еңбек этикасы аталады. Жапонияда қызметкерлер аса ауыр жұмыс жүктемесіне ұшырап, қажудан көз жұму жағдайлары жиі кездеседі. Бұл құбылыс жергілікті мәдениетте «караси» (қатты шаршаудан, қажудан болатын өлім) деп аталады.