Тоқаев Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютерді іске қосты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alemcloud Ұлттық суперкомпьютерлік орталығында NVIDIA H200 графикалық процессорлары негізіндегі жаңа суперкомпьютердің іске қосылуына қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Суперкомпьютер жүйесінің орнатылуы мен іске қосылуы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (МЦРИАП) қарасты жаңа дата-орталықта халықаралық серіктестермен бірлесе жүзеге асырылған.
Жаңа жүйе FP8 форматындағы есептеу әдісі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікке қол жеткізе алады. Бұл оны Орталық Азия аймағындағы ең қуатты есептеуіш платформаға айналдырады.

Суперкомпьютер Қазақстанның цифрлық технологиялар саласындағы серпінді дамуына жол ашады. Енді нейрожелі шешімдерін әзірлейтін стартаптар, жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сектор өкілдері жоғары өнімді есептеулерге қол жеткізе алады.