Триатлон: Алмас Савет – Орталық Азия чемпионатының жеңімпазы
Көкшетауда триатлоннан жастар арасындағы Орталық Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Vecher.kz.
Қатысушылар 750 метрге жүзу, 20 шақырымдық веложарыс және 5 шақырымдық жүгіруден сынға түсті.
Ұлдар арасында Алмас Савет 1:01:04 уақытпен жеңіске жетті, одан кейін 1:01:05 уақытпен Парса Расули Джази, 1:02:01 уақытпен Матвей Шевнин үшінші орынға тұрақтады.
Қыздар арасында Диана Биктимирова қашықтықты 1:07:30-да бағындырып, бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды тиісінше Юлиана Петрова (1:07:42) және Арина Давыдовна (1:11:24) иеленді.
Бұған дейін астаналық триатлон саябағында алдағы Париж Олимпиадасына орайластырылған «Олимпиада ойындарына 100 күн қалғанда» бұқаралық жарысы өткен болатын.