Тұңғыш қазақ қызы Эверестті бағындырды…
12 мамырда Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те (Астана уақыты бойынша 06:40) Мақсұт Жұмаев басқаруындағы бар қазақстандық Эверест командасы әлемдегі ең биік шың Эверест шыңына (биіктігі 8 848 м) сәтті шықты. Аталған топ ішінде жалғыз әйел адам – Анар Бурашева.
«8000 метрден жоғары биіктікте ең күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңға шабуылға қатысқан экспедициялардың көпшілігі маршруттан кейін қайтты. Бұл қолайсыздыққа орай тек бес елдің альпинистері сәтті шықты.
Түрлі сынақтардан өтіп, мықты даярланған команда Эвересттің базалық лагерінде де болған. Одан бұрын альпинистер климатқа бейімделу мақсатында Гималайдағы алты мың метрлік шыңдардың бірін бағындырған.
Барлығы 5350 м биіктіктегі базалық лагерьден 7 мамырда шығудан басталып, көтерілу бес күнге созылды.
Әлемдегі ең биік шыңды бағындырған қазақ қызы – Анар Бурашева тарихта қалары сөзсіз.
Бұған дейін Бурашева көтерілу процесін Instagram-да жариялаған болатын.