Түркістанда «Күш лекциясы» жобасы басталады
15 сәуір күні сағат 11:00-де Түркістан қаласындағы Farab кітапханасында «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының бастамасымен жаңа жоба — «Күш лекциясы» ресми түрде таныстырылады.
Аталған іс-шараға өңір зиялылары, спорт және мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ ұлттық күш мәдениетін зерттеуші, отырарлық автор Абылайхан Қалназаровтың еңбектерінің оқырмандары қатысады деп жоспарлануда. Жиында автордың «Балуан тас» атты қос томдық еңбегі мен «Шымкенттің жұмсақ күші» кітабының мазмұны, сондай-ақ ұлттық спорттың дамуына қосқан үлесі таныстырылады.

«Күш лекциясы» — республика көлемінде жүзеге асырылатын арнайы жоба ретінде ұсынылып, қазақтың дәстүрлі спорт түрлерінің терең болмысы мен өңір батыр-балуандары туралы тың деректерді қамтиды. Жоба аясында ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған мазмұнды дәрістер өткізу жоспарланған.
Айта кетейік, «Baluan tas» академиясы 2025 жылдың 17 наурызында Астана қаласында құрылған. Мекеме қазақ халқының дәстүрлі спорт түрлерін жүйелі түрде зерттеп, оларды сақтау мен насихаттауға, халықаралық деңгейге шығаруға бағытталған. Академияның негізін қалаушы әрі жетекшісі — зерттеуші, публицист Абылайхан Қалназаров.
Байланыс үшін:
Farab кітапханасы — 8 747 793 93 18
Абылайхан Қалназаров — 8 778 442 84 13