Türkuaz – түркі халықтарының ең сүйікті түсі

Түркі мемлекеттерінің ұйымы— түркі тілдес мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Түркі кеңесі деген атаумен 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыван қаласында құрылғын. Ұйымның басты мақсаты түркі тілдес елдердің өзара ытымақтастығын жақсарту, түркі әлемін  қайта жаңғырту.

 

 

Түркі Кеңесінің туы – ортасында ақ сәулелі күн бейнеленген тік бұрышты ашық көгілдір түсті мата, оның ішінде жарты ай және ту түстес сегіз бұрышты жұлдыз орналасқан. Тудың түсі Қазақстан туынан алынса, ал  Қырғызстан туынан жарқыраған күн, Түркия туынан жарты ай және Әзірбайжан туынан сегіз бұрышты жұлдыз алынды. 

Бірқатар тілдерде (ағылшын, француз, португал, фламанд және т.б.) аспан көк, көгілдір түс "түркуаз" (тürkuaz) деп аталатыны туралы көпшілік білмейді. Бұл түстің атауы түркі халықтарынан, Көктүрік Гөктүріктерден  шыққан деседі. 

Этнотілдік қауымдастық түске ортақ  атау беретін сәт  түстер тарихында сирек кездесетін жағдай. Мұндай  жағдай осыған дейін тек Индиго түсімен болған еді. 

Тürkuaz –түркі халықтарының ең сүйікті түсі. Мүмкін тудың түсі ретінде таңдалуының басты себебі осы шығар.  

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің атауын "Түркітілдес мемлекеттер ұйымы" деп өзгерту туралы шешім 2021 жылғы 12 қарашада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VIII саммиті барысында қабылданған болатын.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің  қорытынды мәлімдемесінде: "Біз кеңесіміздің атын өзгерту туралы шешім қабылдадық. Бұдан былай ол түркі мемлекеттерінің ұйымы деп аталады. Жаңа атауы мен құрылымының арқасында түркі мемлекеттерінің ұйымы одан әрі белсенді дамып, нығая түседі" деген болатын.

Қазіргі уақытта Түркі мемлекеттерінің ұйымына Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді, ал Венгрия ұйымға бақылаушы ретінде мүшелік етуді. Саммит барысында Түркіменстан  ұйымға бақылаушы кезекті ел ретінде қабылданды.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Фото: ашық дерек көздерінен

 

Көбірек оқыңыз