Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина алғаш рет АҚШ-тағы турнирдің 1/4 финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы, теннисші Елена Рыбакина Цинциннатидегі (Огайо штаты, АҚШ) 1000-Western & Southern Open турнирінің үшінші айналымындағы матчта америкалық Алисон Рискені 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

rybakinajpg  

Ойын бір жарым сағатқа созылды. Турнирдің жартылай финалдық кезеңіне шығу үшін Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Свентекпен (Польша) және  Мэдисон Кизбен (АҚШ) сайысқа түсіп жеңімпаз атанады.

Бұған дейін Елена Рыбакина "Үлкен Дулыға" бес турнирінің бірі Уимблдон теннис турнирінің жеңімпазы атанды.

 

Автор: Игорь Топорков

Сурет: Getty Images

Көбірек оқыңыз