Үкімет кәсіпкерлікті қолдау шараларын қайта қарады
Үкімет шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеп, қабылдады. Бұл бағдарлама Қасым Жомарт Тоқаевтың
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында жасалды. Аталған жаңа бағдарлама кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қуатты, бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құру қажеттілігін ескереді.
1. Бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды. Субсидиялауға жататын қызметтердің жекелеген бағыттары тиімді жолға қойылды
2. Несиеге кепілдік беру құралы кеңейтілді: кепілдіктер көлемі ұлғайтылып, кәсіпкерлік субъектілеріне 1 млрд теңгеден астам несие сомасына нарықтық жағдайда кепілдік алу мүмкіндігі берілді.
3. Мемлекеттік қолдаудың тағы бір түрі – синдикаттық несиелеуді қарастырады. Ол бір уақытта бірнеше банк арқылы 15 миллиард теңгеге дейінгі ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.
4. Облигациялық несиелер беру шарттары да айтарлықтай кеңейтілді. Облигацияны шығару кезінде эмитент-кәсіпкер субсидияланатын купондық мөлшерлемені алып, 5 миллиард теңгеге дейінгі сомада 5 жылға дейінгі мерзімге 6 пайызбен қаржыландыруды тарта алады.
Жалпы саны 14 мыңға жуық бизнес жобаны құрайтын бағдарламалық шара өз ішінде:
субсидиялау бойынша – 8 624 жобаға 566 млрд теңге;
Кепілдікпен – 5 381 жобаға 178,9 млрд теңге бөлді.
Бұл бағдарлама елдің тұрақты экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін бизнеске тиімді қолдау көрсетеді.