Ұлт тарихындағы қайраткер әйелдер туралы деректі фильмдер эфирге шығады

«Qazaqstan» телеарнасы ұсынатын жаңа деректі фильмдер топтамасы ұлттық тарихымыздағы көрнекті қазақ әйелдерінің өмірі мен еңбегін баяндайды.

«Қазақ қызы» атты бұл жоба қазақ әйелдерінің ғылым, мәдениет және ағартушылық салаларындағы орны мен елдің дамуына қосқан үлесін ашып көрсетуді мақсат етеді. Фильмдер сериясында алғашқы қазақ журналистері мен ағартушылары Нәзипа Құлжанова, Ғайнижамал Дулатова, сондай-ақ алғашқы дәрігер әйелдер Гүлсім Асфендиярова, Аққағаз Досжанова, Зейнеп Бөкейханова және Мүбинә Ниязова туралы тың деректер ұсынылады. 

Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан және Ресей мұрағаттарындағы құнды құжаттар зерттеліп, ғалымдардың пікірлері беріледі.

Жобаның авторы – белгілі журналист Әлия Әшім.

 

Көбірек оқыңыз