Ұлттық банк "JOSHY ULYSY. 800 JYL" коллекциялық монеталарын шығаруды бастады

Қазақстан Ұлттық банкі "JOSHY ULYSY. 800 JYL" атты жаңа коллекциялық монеталар сериясын айналымға енгізді. Бұл серия "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдарға" арналған. Монетаның дизайнын белгілі қазақстандық мүсінші әрі монументалист Газиз Ешкенов әзірлеген. Монеталардың бетінде Жошы ханның монументі мен Алтын Орда заманындағы монеталардан жасалған коллаж бейнеленген.

Серияға кіретін монеталардың номиналдары мен тираждары:

- 5000 теңге: 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, алтынмен қапталған. Тираж – 100 дана.
- 2000 теңге: 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, алтынмен қапталған. Тираж – 300 дана.
- 1000 теңге: 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, алтынмен қапталған. Тираж – 1000 дана.
- 200 теңге: мельхиор МН 25 қорытпасынан жасалған. Тираж – 8000 дана.

Монеталардың сатылымға шығу күні Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланады.

Көбірек оқыңыз